Белгілі қылқалам шебері Алпысбай Қазығұловтың шығармашылығы

Оның қылқаламынан туған дүниелер ерекше күш қуаттың қайнар көзі секілді. Оның көптеген көркем туындылары: абстарктылы импровизация, түркілер тарихының  сарыны, Арал табиғаты, портреттер.... осының  барлығы  адам нанғысыз ғарыштық тылсым көріністер мен  алуан түрлі реңктерден тұрады.

Алпысбай Қазығұлов Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін тәмамдаған. Жеті мыңдай картинасының көбі Еуропа, Азия, Америка және Ресейдің түрлі галлерияларына жол тартқан. Оның өнеріне: Шыңғыс Айтматов, Бельгия ханзадасы ЛорАн, Патрисия Каас, Жерар Депардье, Лайма Вайкуле тәнті болған. Қылқалам шебері – Ресей, Ұлыбритания, Жапония, Түркияда жеке көрмесін өткізіп, Еуропалық өнер одағының айтулы сыйлығын алған.