Суретші Лиля Позднякованың ерекше туындылары

Лиля Позднякова. Көрмелерде қылқалам шеберінің тосындау образдарын көрген сәттен бастап, оның таныс та, бейтаныс әлеміне еніп кетесің. Суретшінің гүлдер топтамасына көз салғанда әлдебір сезімге бөленіп, тебіреніп кетесің.

Өмірдің өзі осындай шынайы бақытты сезінуден тұратындығын суретші «Өмір сүр», «Аспан астында» деген топтамаларында көрсете алды.

Лиля Позднякова Оренбург маңындағы шағын ауылда дүниеге келген. Алматыда, Абай атындағы Қазақ педагогика университетінің көркем-графика факультетінде білім алған.  Қазіргі уақытта өзі де жастарға дәріс беріп жүр. Оның туындылары қалың көпшілік арасында қызу талқыға түсіп, түрлі пікірлер тудырса да, ол ешқашан қаймыққан емес. Өйткені, оның еңбегін бағалайтындар Қазақстан жерінде де, шетелде де жетерлік.