Ғалым Оспановтың қылқаламынан туған жеміс-жидектер әлемі

Ғалым Оспановтың қылқаламынан туған көркем еңбектерді түрлі музейлерден, шетелдің және қазақстанның жеке коллекциоларынан көруге болады. Картиналарында суретшінің өмір жолы табиғаттың нәзік әлемімен өзара үндесіп жатқанай. Суретшінің кенеп бетіне түсірген натюрморттарына көз салғанда, жүрек шымырлатар шынайы махаббат пен мөлдір сезімді бастан кешкендей боласыз.

Қылқалам шеберінің оң жанбасына келген жеміс-жидектердің шынайы көріністері – құдды ән салып тұрғандай әсерге бөлейді.