Алматы – Қазақстанның мәдени және қаржы орталығы

Іле Алатауының баурайында Тянь-Шань шыршаларын жамылған, ғажайып қала – Алматы. Асқақ шыңдардың етегінде жасыл желек пен жұпар гүлдердің хош иісі аңқыған Қазақстанның оңтүстік астанасы. Еліміздің мәдени және қаржы орталығы. Мұнда шамамен 2 миллионға жуық адам тұрады.

Көктөбе телерадио мұнарасы оңтүстік астананың төлқұжаты болып келе жатқанына 35 жылдан асты. Оның биіктігі жерден – 371 метр, ал теңіз деңгейінен шамамен – 1,5 мың метр биіктікте, бұл әлемдегі ең биік телемұнаралардың біріне жатады.

Қаланың ең биік нүктесі Көктөбеге аспалы жолмен көтеріліп Алматының таңғажайып келбетін тамашалап, таза ауасымен тыныстай аласыз. Бұл – романтикалық кездесулер мен отбасылық серуенге арналған керемет орын.