АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанмен ынтымақтастық туралы

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Kazakh TV арнасының тілшісі Ләззат Шатаеваға берген сұхбатында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін айтады. Сұхбат барысында екі ел арасындағы өңірлік және өзге де өзара қарым-қатынастар туралы, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде АҚШ және Ресей арасындағы қатынас жөнінде ойымен бөлісті.