Б.Тілеухан: Болашақта ұлттық спортымыз бойынша халықаралық деңгейдегі олимпиада ұйымдастырамыз

Бағдарламамыздың бүгінгі қонағы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы, сондай-ақ көпке танымал жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан.

Бүгінгі бағдарлама ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына арналмақ. Оның ішінде мемлекет басшысы атап өткен міндеттердің бірі – мәдениет саласы болып табылады. Отандық мәдениеттің жарқын өкілі, қазақ халқының дәстүрлі өнерін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген Бекболат Тілеухан мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылып жатқан мәдени шаралардың бет алысына ойын білдіретін болады. Сондай-ақ Қазақстанның елдік брендін қалыптастыруға мәдениеттің рөлі қандай? – деген сұраққа жзауап беретін болады.