Ұлттық спорт түрімен қанша адам әуестенеді?

Ұлттық спортты дамыту үшін ұлттық федерациялар құру сынды қандай жобалар қолға алынған? Қазақстан бойынша ат спорты түрлерін дамытуға бағытталған неше мектеп бар? Жалпы осы ұлттық спорт түрлерінің бүгінгі жастарды тәрбиелеудегі маңызы қандай? Тәуелсіздік экономикалық дамумен қатар, ұлттық спорт түрлерінің жаңғыруына жол ашты.

Егемендіктің 30 жылдығында осы бағытта ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз баршылық. Бүгінде ата-балаларымыз мирас еткен көне спорт түрлері қайтадан жанданып келетіні белгілі. «Маңызды сұхбаттың» қонағы – ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.