«Karavansaray Turkistan» жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді

«Маңызды сұхбат» бағдарламасының қонағы – Ахмет Келеш. Ол – «Karavansaray Turkistan» кешенінің бас менеджері. Бұл шығарылымда бас менедж кешенінің тарихы мен құрылыс жайында әңгімелейтін болады.

«Біздің кешен бірінші кезекте өзінің орналасу жеріне байланысты ерекше, әрі бірегей. Біз түркі әлемінің астанасына айналған киелі мекен - Түркістан қаласында орналасқанбыз. Кешенде қазақ халқының мәдениеті көрініс тапқан. Ал кешеннің өзі және оның ішіндегі нысандардың барлығының атауы қазақ халқының тарихымен байланысты», - дейді бас менеджер.