Өмір үшін мың алғыс

1937 жылы Қиыр Шығыстағы кәрістерді тегіс Қазақстанға көшіреді. Жоғары жақтың нұсқауын орындаған жасақ – адамдардың жиналуына да мұрша бермеген. Олар үстінде киіп жүрген киімімен кете барған. Депортацияға ұшырағандардың көбі әлі күнге дейін пойыздан қаймығады. Жол шалғай. Барар жері белгісіз.

Қиын шақта ешкімді шеттетпеді. Қазақ жеріне күшпен қоныс аударылғандарға қол ұшын созып, барын алдына тосты. Бәрін панасына алып, аман алып қалды.