Құрбан айт күні қандай амалдар жасаған абзал?

Құрбан айт мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол  «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды. Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі

Құбан айтта да ораза айттада мешітте жамағатпен айт намазы оқылады. Әр сол күнге мешшітер шаралар ұйымдастырып, киіз үй құрып арнайы дайындалып, мереке жайында түсіндіріп, іспен көрседеті.

Құрбан айт пен Ораза айттың айырмашылығы. Ораза айтта мешітке келмес бұрын үйден бір құрма, су не дәм татып келген абзалырақ болады. Ал Құрбан айтта керісінше. Мешітке келіп жамағатпен намаз оқып үйіне барып құрбандыққа шалынған астан дәм татады.Егер құрбан шалмасаңыз үйдегі бар асыңыздан бастайсыз.

Құрбан айт күні қандай амалдар жасаған абзал? Ол күні айт намазына келерден бұрын мұсылман адам жуынып, тазаранған жөн. Мейлінше жаңа, таза киім кейіп, әдемі әтірін сеуіп келген дұрыс, себебі бұл – мереке. Әр бұл күні мешітке адамдар көп жиналады. Ал дінімізде адамдар көп жиналатын жерге жуынып, әдемі иіс сулар сеуіп келу ді құптайды. Сол үшін айт намазына келерде жуынып-шайынып, әдемі киініп адамдармен амандасып мерекемен құттықтап, айт намазын оқылады. Намаз оқылып болғаннан кейін үй аралап айттау басталады.