Пандемия тосқауыл емес: Қазақстан мен Венгрия серіктестікті нығайтуда

Венгрия еуразиялық кеңістікте іскерлік байланысты кеңейтуде. Қазақстанға ресми сапарымен Венгрияның сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийарто келді.

«Ләззат Шатаевамен маңызды әңгіме» бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатында министр сапарының басты мақсаты туралы айтты. Сондай-ақ Қазақстан мен Венгрия арасында әуе байланысы қашан қалпына келетініне тоқталды. Еуропалық мемлекет үшін вакцинация мәселесі неге өте өзекті? Венгрия қазақстандықтар үшін ЕО виза режимін неге жеңілдетуді көздейді? Еуропалық одақтағы ел неге Түркі кеңесінде байқаушы болды және Қазақстан рөлі қандай? Петер Сийарто футбол туралы қандай пікірде? Бұл сауалдардың жауабын Ләззат Шатаеваның авторлық жобасынан біле аласыздар.