АДБ: Қазақстан құрылымдық институционалдық реформаларды қажет етеді

Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өкілі Джованни Капаннелли Ләззат Шатаевамен кездесіп, коронавирустық пандемия жағдайында елде болып жатқан экономикалық дағдарысты талқылады. Мұнай мен газ экспортына айтарлықтай  дәрежеде тәуелді Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы сыртқы күйзелістерге төтеп беруді арттыру үшін экономикасын әртараптандыруға тырысады. Джованни Капаннелли бүгінгі таңда туындаған мәселелерге  тиімді  әсер ету  үшін елде іске асыруы қажет күрделі  құрылымдық, институционалдық және басқарушылық реформалар туралы өз ойын ортаға салды.