Пандемия Түркияға қалай әсер етті?

Түркияның бұрынғы президенті Абдуллах Гүл елінің болашағы, Сирия мен Ауғанстандағы жағдай және АҚШ-пен қарым-қатынас жайлы баяндайды. Түркия экономикалық және дипломатиялық қатынастар аясын кеңейтіп, ең жақын көршілеріне назар аударып жатыр . Ұзақ мерзімді мақсаттардың бірі – Еуропалық Одаққа толыққанды мүше болу. Одаққа жолдың негізін елдің бұрынғы басшысы Абдулла Гүл салды. Ол президент кезінде болашаққа батыл жоспарымен, Түркияны шетелдік инвесторларға тартымды ету ұстанымымен ерекшеленді. Абдулла Гүлдің басым бағыттардың бірі –Орталық Азиямен, оның ішінде аймақ көшбасшысы Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты күшейту.

Түркия мен АҚШ қарым-қатынасы неге салқындады? Бұған Ресейдің қандай қатысы бар? Түркияның парламенттік басқарудан президенттік басқару түріне көшкені дұрыс және орынды шешім болды ма? Еуропалық Одаққа мүшелік қаншалықты мүмкін? Пандемия Түркияға қалай әсер етті және елдің болашағы қандай?