Көрінбейтін адамдар: олар кімдер және неге көбейіп жатыр?

Әлемде әр 10 минут сайын азаматтық ала алмайтын тұрғын дүниеге келеді. Биыл азаматтығы жоқтар санын азайту туралы конвенция қабылданғанына тура 60 жыл болды. Қазіргі таңда әлем бойынша мұндай адамдар саны кем дегенде 10 миллион, көрсеткіш артып келеді. Құжатсыз немесе азаматтығы жоқ тұлға дегеніміз «көрінбеу» дегенді білдіреді. Демек, медициналық көмек, білім, еңбекпен қамту, қоғам өміріне араласу сынды әлеуметтік мүмкіндіктерден қағылады.

Қазақстанда пана іздеушілер мен босқындар саны қанша? Үкімет бұл мәселені қалай шешіп жатыр? #меносындамын жаһандық науқаны Қазақстанда қалай өтуде? Ауғанстаннан келетін босқындар қаупі қаншалықты зор? Депортациялау керек пе әлде бейімделуге қолдау қажет пе? Қоғамда «бөтендерге» қатысты жағымсыз пікір неге қалыптасты? Орталық Азия үкіметтері босқындар мәселесін шешуге қаншалықты мүдделі?

Осы және өзге де сауалдарға Ләззат Шатаевамен бірге «Маңызды әңгіме» бағдарламасының жаңа шығарылымында БҰҰ Жоғарғы комиссарының Басқармасы босқындар істері жөніндегі өкілі Ханс Шоддерден білеміз.