Қазақстан экономикасының өсімін не қамтамасыз етеді?

Халықаралық валюта қорының ақпаратына сәйкес, осы жылдың соңына дейін әлем экономикасының өсімі жалғасады. Алайда пандемияның әсері сақталады. ХВҚ инфляция болжамын да арттырды. Тәуекелдер мен жылдам әрекет етуге дайын болуға үндеді. Жаһандық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуде вакцинация қарқыны да маңызды. Бұл үшін 2021 жылдың соңына дейін әлем халқының 40% екпе салу керек. «Impactful» бағдарламасының жаңа шығарылымында Ләззат Шатаева экономикалық болжам жайлы толығырақ білді. Сауалдарға ХВҚ Таяу Шығыс пен Орталық Азия департаментінің директоры Джихад Азур жауап береді. Мұнай, азық-түлік, жеткізу бағасы қалай өзгереді? Қазақстан экономикасының өсімін не қамтамасыз етеді? Жемқорлық, жұмыссыздық және цифрлық технологиялар бір-бірімен қалай байланысты? Ауғанстандағы ахуал Орталық Азия елдеріне қалай әсер етеді? Маңызды мәселелер Ләззат Шатаеваның авторлық жобасында.