Ең тыныш Олимпиада. Жапония «Токио-2020» ойындарын неге өткізді

Күту режимінде өткен бір жыл, бұған дейін болмаған қауіпсіздік шаралары мен көрерменсіз бос трибуна. Олимпиада жолы қатысушылар үшін де, ұйымдастырушылар үшін де оңай болған жоқ. «Токио-2020» COVID-19 пандемиясы өршіген шақпен тұспа-тұс келді.

Жапония спортшылар қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етті? Көрерменсіз өткен Ойындар ел экономикасына қалай әсер етеді? Шығындар қалай өтеледі? Қазақстан құрамасы Олимпиадада несімен есте қалды? Соңғы 30 жылда Қазақстан мен Жапонияны не байланыстырды? Жапонияда вакцинация қалай жүріп жатыр? Жапониялықтар қазақстандық вакцина жайлы қандай пікірде? Елдер арасындағы әуе байланысы қашан қалпына келеді? Эксклюзивтік фактілерді Ләззат Шатаеваның авторлық бағдарламасынан біле аласыз. Бағдарлама мейманы — Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада.