Марина Никулина. Қатерлі ісікпен ауыратын балаларға жәрдем беруші ұстаз

Марина – тарих пәнінің мұғалімі.  Өзі қызмет ететін мектептерге қарасты құрылымдық бөлімшелер бар, яғни институттар: қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-зерттеу институттары.

Осы екі институттарының балалар онкологиясы бөлімдерінде, ұзақ уақыт емделіп жатқан бүлдіршіндерге тарих пәнінен сабақ береді.  Ол жерде жұмыс істеп жүргеніне 10 жылға жуық уақыт болған.

Бұл жолды таңдағанына Маринаның әжесі себепкер болған. Себебі ол кісі 80 жасына дейін педиатрия мен балалар хирургиясында қан ауыруы – лейкоздан емделіп жатқан балаларға дәріс берген. Кішкентайынан әжесінің еңбегін көріп өскен Марина болашақта сол кісінің жолын қуамын деген мақсат қояды. Тіпті Маринаның анасы да оынмен бірге сол жерде жұмыс істейді.

Ал Марина ұстаз ретінде бүлдіршіндердің соңына дейін емге шыдап, сауығып, әлі де өмір сүрулеріне үлесін тигізіп жүр.