Антон Гордеев. Есірткіден арылу жолы

Антон Гордеев – ішімдік пен есірткіге тәуелді жандарды емдейтін «Еркін адамдар» сауықтыру орталығының директоры, сондай-ақ «Тәуелділіктен арылу клиникасының» бас директоры.

Антон Гордеевтің тәуелділікпен күресу жұмысы 2006 жылдың көктемінде басталды. Ол Қазан қаласындағы сауықтыру орталығына түседі. Сол кезде ғана ол алғаш рет мұның әлдебір жаман әдет немесе мінездің әлсіздігі емес, ауру екенін түсінеді. Есірткіні 9 жыл қолданған ол бұл жолы жаман аурумен күресіп, жеңе білді.

Бұдан кейін Антон адамдарға қол ұшын беріп, есірткімен күрес жолында аянбай еңбек етіп келеді. Аталмыш аурудан арылу үшін көмек беретін кеңесші болуын мақсат етеді. 2013 жылдан бері ол осы бағытта Қазақстанда қызмет етіп келеді.