Волонтерлік – қоғамға пайдалы әлеуметтік қызмет. Адель Оразалинова

Адель Оразалинова – әлеуметтік желіде танымал медиа тұлға, тележүргізуші, продюсер. Сонымен қатар ол – волонтер. «Бұл атақты көптен бері мақтанышпен алып жүрмін», – дейді Адель. Қазақстанда 2020 жыл Волонтер жылы болып жарияланған. Осы тұста барлық волонтер өздерін жан-жақты көрсетті. Мәдениетті дамыту мен волонтерлікке баулудың қажеттілігіне тағы да көз жетті. Волонтер – қандай да бір қызметті толығымен тегін көрсететін және жұмысты тегін жүргізетін адам.