Америкалық Ник қазақ тілін Алматы қаласында дамытып жүр...

АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Нью-Джерси штатынан келген америкалық Ник қазіргі уақытта Қазақстанда тұрады. Мектепте жұмыс істеп, ағылшын тілін оқытады, сонымен қатар қазақ және орыс тілдерін үйреніп жүр. Ол неліктен тұрғылықты жерін Қазақстанды таңдады? Оны не қызықтырды?

Америкалықтар саяхатқа шыққанды өте ұнатады. Көптеген жаңа елдерді аралайды. Және нағыз саяхатшыларша Explorer-discoverer (жаңалық ашушы жиһанкездің) бір барған жерге қайта бармау ережесін ұстанады. Алайда Ник Қазақстанды алғаш көрген кезде, бұл жаққа бір емес, бірнеше рет қайтып келетінін түсінеді.