Америкалық Ник Қазақстанда өз тағдырын кездестірді...

Сәлем! Менің есімім Ник, мен Нью-Джерсиден Қазақстанға келіп, біраздан бері осында тұрып жатырмын. Осы жерден бақытымды таптым. Бұл ел менің екінші Отаныма айналды. Керемет!

Мен алдыңғы бағдарламаларда Қазақстанға алғаш рет қалай келгенімді, осында өмір сүріп, жұмыс істеуім үшін қайтадан қалайша оралғанымды, сүйген қызымды қалай іздегенімді, достарымды қалай кездестіргенімді әңгімелеп бердім. Ол үшін қазақ және орыс тілдерінде сөйлеуді үйрендім, меніңше, біршама үйреніп те қалған сияқтымын.

Иә, бұл менің басымнан өткен шынайы оқиғам. Бүгін сіздер үшін тосын сый жасамақпын, яғни сіздерге өз тағдырымды қалай кездестіргенімді, бейтаныс қызбен кездескелі бері менің өмірімнің қалай өзгергені жайындағы басты құпиямды айтуға бел будым. Бүгін сіздер менің шынайы өмірім жайында білетін боласыздар. Және сіздермен «HELLO, KAZAKHSTAN» тележобасы түсірілімінің қалай өткені жайында бөліспекпін. Мұның бәрі сіздер үшін қызықты болады деген сенімдемін!