Наурыз туралы шетелдіктер не біледі?

Жобаның бас кейіпкері Ник Драпо АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Нью-Джерси штатында тұрған. Ал қазір ол Қазақстанда.

Алдыңғы шығарылымдарда Ник Қазақстанға алғаш қалай келгенін және кейін осында қайта оралуға шешім қабылдағанын, мұнда достарды қалай тапқанын, қазақ тілін үйренгенін, сондай-ақ көшедегі орындықта күнделігін ұмытып кеткен бейтаныс адамды іздегені жайлы айтып берген.

Бірақ ең қызық оқиға енді басталады. Ник күнделіктің иесімен қалай кездесті және бұл кездесу оның өмірін қаншалықты өзгертті?

Көктемнің алғашқы күнінде кейіпкеріміз отбасында болған қуанышты оқиғалар жайлы айту үшін достарын жинады. Сондай-ақ олармен бірге көктемнің басты мерекесі – Наурызды қарсы алғысы келді. Өйткені бұл –адамдармен танысудың, қазақ дәстүрлерінің сұлулығын бағалаудың, халық әдет-ғұрыптарының даналығын түсінудің және көктемнің келуін тойлауды ұнататын ел туралы көп нәрсе білудің ең жақсы мүмкіндігі.

Достары Никке көпұлтты Қазақстандағы өмір туралы көптеген қызықты мағлұмат берді. Бұл біздің кейіпкеріміздің дұрыс таңдау жасағанының ең жақсы дәлелі болды.