Эко-еріктілер біздің елімізді тазартады

Тек тірі жануарларға ғана көмектесуге болады деп ойлау қате. Табиғаттың өзі де қорғауды қажет етеді. Қазіргі технология дамып, адам саны артып, құрылыс қарқынды салынып жатқан кезеңде табиғатты аялау тіпті қажет. 
Бір жыл бұрын бұл жерлер бос болатын. Ал қазір эко белсенділердің арқасында қарағайлы мекенге айналды. Ағаштары әлі кішкентай болса да, әрқайсысында көшетті сатып алып әкеліп отырғызған волонтердың аты жазылған. Уақыт өте әкімдік бұл жерге балалар алаңын түрғызып, жол салды. Серуендеп демалуға болатын жағдай жасады. Эко белсенділер өздеріне бөлінген аумақты жіті назарда ұстайды. Кезекті сенбілікке бірнеше қоғамдық қозғалыстардың өкілдері мен волонтерлер бас қосты. Бағдарламада қоқыс жинау мен жаңа ағаштар отырғызу қарастырылған.