Дамир Әбілдинов – Шығыс жекпе-жегінің чемпионы

Жеке тұлғаның қалыптасуында спорттың атқаратын рөлі жоғары.  Мысалы, шығыс жекпе-жегі – ер баланы күшті, төзімді, өзіне сенімді және тәртіпке бойсұнатын азамат етіп өсіруге көмектесетін жолдардың бірі.

Дамир Әбілдиновтың Шинкиокушинкай каратэмен айналысқанына 9 жылдан асты. Бұл – жекпе-жектің ең қатал түрлерінің бірі, себебі онда қарсыластар бір-бірімен толық контактілі айқасқа түседі. Осы уақыт ішінде Дамир өз отандастарының қатарынан да, шетелден де мықты деген қарсыластарын жекпе-жекте жеңіп, Әлем чемпионатында да өнер көрсетіп, жақсы нәтижелерімен жеңіс тұғырына көтеріліп үлгерді.