Дубляждың кішкентай актеры – Ақарыс Әшімхан

Бүгінгі хабарымыздың кейіпкері Ақарыс Әшімхан қазақстандық шығармашылық ортада өте танымал отбасында туып-өскен. Оның ата-анасы – эстрада әртістері, театр, кино және дубляж актерлері Нұркен Өтеуілов пен Айнұр Бермұхамбетова. Өнерпаздардан туған Ақарыстың сахна табалдырығын аттау үшін тек уақыт қана қажет болды. 6 жасынан бастап телевизия саласына алғашқы қадам жасап, кейін отандық фильмдерге шақырту алады. Ақарыс кішкентайынан үйдегілерді көрермен етіп отырғызып қойып, әртүрлі ток-шоулардың жүргізушілерін салып, сөйлейтінді шығарады. Оның осындай шынайы ықыласын көрген анасы Айнұр Ақарысты түрлі кастингтерге, соның ішінде дыбыстау кастингтеріне алып барады. Дубляждағы ең алғашқы қадамы – «Джунглий кітабы» мультфильміндегі бас кейіпкер Мауглиді қазақ тілінде дыбыстайды. Фильм сәтті шыққан соң, Ақарыс көп ұзамай өзге жобаларға да шақырыла бастады. Кішкентай актердің өнер жолымен етене танысқыңыз келсе, бағдарламамызға үңіліңіз.