Тас туралы қызықты ақпарат

Табиғи тастар өте көп, бірақ солардың ішінде тұрмыстық және өнеркәсіптік тастардың жөні бөлек. Бүгінгі шығарылымда көптеген қызықты жайттармен танысасыз.

Ежелгі жанартаулар мен жылжымалы тектоникалық қабаттар ғаламшарымыздың беткі қабатында керемет тау алаптарын қалыптастырды. Олар құрлықтардың барлық жерінде, аралдарда, тіпті мұхиттардың түбінде де бар.

Тастан жаралған алып нысандар жазық далада асқақтап көрінеді. Кейбіреулері жеке-дара тұрса, кейбіреулері бір-бірімен тіркесіп, ұзын тау сілемдерін құрайды. Төбесін қар жапқан биік шыңдар, көлбеулеп жатқан көкпеңбек еңістер, аласа төбелер, ирек-ирек жоталар. Таулар әртүрлі болады, бір-біріне ұқсамайды.

Бірақ осы қатты жыныстың өзі де мәңгілік емес, ол желдің, теңіздің, жер үсті және жерасты суларының әсерімен мүжіледі. Сөйтіп, ғажайып пішінді жартастар, өзеннің тар аңғарлары мен шатқалдар, сарқырамалар мен үңгірлер пайда болады.

Ең әдемі ландшафт – су мен тастың мәңгілік күресінен туады. Тас біртіндеп құмға, одан әрі шаңға айналады.