Давид Машури мәдениет пен өнер жайлы не ойлайды?

Бағдарлама қонағы – бірегей әрі ерекше тұлға Давид Машури.

Жания Әубәкірованың айтуынша, Давидтің мәдени салаға тікелей қатысы болмаса да, көп адаммен салыстырар болсақ, нағыз мәдениет адамы деп санауға лайық.

Әлем неліктен құбылып, күрделі болып барады және бұл мәдениет саласына қалай әсер етті?

Давид мәдениет пен өнер жайлы не ойлайды? Қандай музыканы ұнатады?

Тағы осы секілді сан сауалға сүбелі жауап беріп, өнер адамдарының тыныс-тіршілігіне қалай тамсанатыны жайлы әңгіме қозғайды.