Белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов – заманауи өнерге берілген адам

Белгілі кәсіпкер, Жаңа Зеландияның Қазақстандағы құрметті консулы Нұрлан Смағұлов қарапайым кәсіпкерден меценатқа қалай айналғанын, Алматыда заманауи өнер мұражайын салу жоспары жайында әңгімелейді.

Нұрлан Смағұлов – сегіз қырлы, бір сырлы тұлға. Бейнелеу және мүсін өнерін ерекше бағалайтын табысты кәсіпкер. Бұған дейінгі сұхбаттарында бизнес және саясат тақырыбы көтерілген болса, енді мәдениет пен өнер мәселесін қозғайды.