Константин фон Кауфманның ордасы

Константин фон Кауфман – орыстың көрнекті әскери қайраткері. Бұл суреттің жасалуына бір жыл толмай ол Түркістан генерал-губернаторы және Түркістан әскери округі әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Ол қызмет еткен жылдары, бірінші кезекте оның күш-жігерімен, Ресей империясына Қоқан хандығы қосылды, ал Хиуа хандығы мен Бұхара әмірлігінің үстінен ресейлік протекторат орнатылды. Алайда қазіргі тарихшылар, этнографтар мен мәдениеттанушылар оған бұл үшін емес, Орта Азияның 1200-ден астам бірегей суреттерін қамтитын «Түркістан альбомының»  жарыққа шығарғаны үшін дән риза.

Константин фон Кауфманның ордасының суреті, әрине, «Түркістан альбомына» енгізілген жоқ. Ол естелік үшін жасалып, генерал-губернатордың жеке мұрағатында сақталды.