XIX ғасыр. Қазақ бақсылары

XIX ғасырда Түркі халықтарының басым бөлігінде бақсылар зор құрметке ие болды. Адамдар түрлі аурулар мен сәтсіздіктерге тап болғанда өздерінің дәрменсіздігін сезініп, бақсылардың көмегіне жүгінген. Тіпті көшпелі империялардың жоғарғы билеушілері бақсылардан кеңес алған. Олардың рухтармен сөйлесетініне кәміл сенді. Жалпы бақсы сөзі «бақ», «қарау», «көру» деген мағынаны білдіреді.

Суретте биік бас киім киген қазақтың қарапайым шаманы қобызын тартып, рухтармен тілдесіп отыр. 1900 жылы орыс этнографы Александр Алекторов: «Егер кімде-кім қазақтың нағыз әншілерін тыңдағысы келсе, бақсыларды тыңдасын», - деп жазды. Қобыздың өткір дыбысы бақсыға рухтардың тілін табуға көмектеседі. Сондай-ақ қойлар да кадрде кездейсоқ пайда болған жоқ. Олар науқас дертінен құлан таза айықсын деген тілекпен құрбандыққа шалынған.