Суреттер сөйлейді. Пионерлердің Іле өзенінде кемемен жүзуі

1927 жылдың жазында, кеңестік Қазақстандағы Іле өзенінде кеме қатынасы ашылды.

Осы бір айтулы оқиғаның құрметіне орай, пионерлер баржаға отырды. Шілде айындағы сол серуенді жергілікті фотограф Александр Ионов суретке түсіріп алды. Жетісу халқы үшін, ұзаққа созылған үзілістен кейін, кеме қатынасының қайта қалпына келуі тарихи сәт болды.

Іле – осы аймақ бойынша ең ірі, ал суының молдығы жөнінен Қазақстан бойынша үшінші орында тұрған өзен. Ионов түсірген суретке дейін, жұмысшылар 70 жыл бойы нан тиелген баржаны Іле өзенімен, Балқаштан Іле елдімекеніне дейін арқанмен сүйреп апарып жүрді дегенге сенудің өзі қиын.