Тәуелсіздік трилогиясы. 3-бөлім

Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы. Ел тәуелсіздігінің екінші мерейтойын атап өткенде айтылған бұл ұран өткен онжылдықтың мән-мағынасын дәл көрсетіп берді. Бұл жол күрделі және қиын болды, бірақ жас республиканың жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай зор мақтаныш.

Біз алдымызға өршіл мақсаттар қойып, оларға қол жеткіздік. Танымалдылық жеткен жетістіктер  немесе сіңірген еңбекпен емес, әлеуметтік желідегі жазылушылар мен лайктар саны арқылы өлшенетін болды. Бірақ бұл туралы сәл кейінірек баяндаймыз. Ал сол  2011 жылы Қазақстан заманауи кейіпке енген енді.