Әшекеймен безендірілген сәнді тауық сыйлайтын қандай ұлт?

Дұнған халқы тамақ дайындағанды ұнатады, жақсы тамақтануды да біледі. Әрі тағамды дәмді әзірлейді. Асқа міндетті түрде бақшаларында өсіп тұрған көкеністерді қосады. Жалпы дұнған халқы өте еңбекқор халық. Дұнған халқының ұлттық тағамдарының бірі – щи. Щи тағамын тойларда, құрметті қонақтарға арнап дайындайды. Үйлену тойларында 13 ас түрі әзірленеді. Оның көптігі келетін қонақтарға байланысты.