Тұрсынхан Зәкенұлы: Қазақ мемлекеттілігінің тарихын жазуымыз керек

Тұрсынхан Зәкенұлы – тарихшы, жазушы және аудармашы. «Көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбалары», «Ойратнама: Жоңғария мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, жойылуы», «Ұмытылған республика», Күлтегін ескерткіші: тарихи-деректанулық талдау секілді бірнеше ғылыми еңбектің авторы. Жақында ол Қытай тарихшысы Су Бэйхайдың «Қазақтың жалпы тарихы» деп аталатын 4 томдық еңбегін қазақ тіліне аударды. Бұдан бұрын Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған жабық әдеби конкурста автордың «Көк бөрілердің көз жасы» атты шығармасы бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Тарих ғылымында, аударма ісінде және әдебиет саласында өзіндік орны бар Тұрсынхан Зәкенұлы «Алтын тамыр» бағдарламасының сұрақтарына жауап берді.