Қайрат Байбосынов: Әміренің дауысы 12 шақырым жерге естілген

Қайрат Байбосынов – Қазақстанның халық әртісі. Қазақтың дәстүрлі музыка өнерінде орны бөлек, бірегей тұлға. Өнер зерттеушілерінің айтуынша, баритонға тән сипаттың барлығы Қайрат Байбосыновтың дауысында бар. Өзіне дейінгі саңлақтар салып кеткен дара жолдан танбай, соңынан бірнеше шәкірт ерткен дауылпаз дауыс иесінің өмірлік жолы – өнеге.