Камал Әбдірахман: «Батыр» мен «ер» ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Қазақтың әйгілі батыры Қаракерей Қабанбай Нұр-Сұлтан қаласынан 30 шақырымдық жерде жерленген. 2000 жылы баһадүр бабамыздың бейітінің үстіне, осы жердегі ең биік жотаға кесене орнатылды. Қазіргі таңда батырдың рухына тағзым етіп келушілердің қарасы қалың.

Осы орайда «Алтын тамыр» бағдарламасында қаһарман қолбасшы туралы тарихи деректерді зерттеп, жүйелеп жазып жүрген тарихшы Камал Әбдірахманмен сұхбат құрылады.