Кәмел Жүністегі:​ Арқаның жеті домбырасының алтауы менің қолымда бар

Арқада ән мен күйге арналған домбыраның жеті түрі болған. Соның алтауы Кәмел Жүністегінің қолында бар. Белгілі жазушы, этнограф, өлкетанушы көне домбыраларды жинастырумен қатар, қазақ күнтізбесін, жыл он екі амалдарын жетік біледі.

«Дүниенің ғажабын өмірдің азабынан іздеген  қаламгер» сексеннен асса да, әлі күнге дейін қазақтың жоғын іздеп келеді. Оның үйінде Арқа домбыраларының алты түрі бар. Бүгінгі сұхбатта көне аспаптардың тарихы мен жыл он екі айдың амалдарына қатысты қазақы таным жайлы әңгімелесеміз.