Самал Төлеубаева: Әл-Фараби бақытқа жетудің бірнеше жолын көрсетіп кеткен

Уақыт жылжыған сайын Әл-Фараби еңбектеріне деген қызығушылық артып келеді. Ұлы ойшыл мұрасының құндылығы неде? Отырардан шыққан ғұламаның өмірлік жолын жан-жақты зерттеп жүрген ғалым Самал Төлеубаева бағдарлама сұрақтарына жауап береді.

Самал Төлеубаеваға Әл-Фараби мұрасы жақсы таныс. Он жыл бойы ұлы ойшылдың тілдік тұлғасын жан-жақты зерттеп, тілге қатысты айтқан ойларын жүйеледі. Отырардан шыққан ғұлама ғалымның еңбектерін түпнұсқада, яғни араб тілінде оқып, құндылығын көпшілікке насихаттап жүрген Самал Төлеубаева бірнеше еңбек жазды.