Жеңіс Сейдуллаұлы: Шынайы композиторлар аз

Ол – әнші әрі композитор. Ол – бірнеше мәдениет мекемелерін басқарып, жастардың талабын ұштап жүрген қайраткер. Ол – джаз бен рок-н-ролл жанрларын жатырқамай, бірнеше туынды жазған өнер иесі.

Жеңіс Сейдуллаұлы – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор. Еңбек жолын «Гүлдер» ансамблінде бастаған ол бүгінгі күні «Қазақконцерт» ұйымының директоры қызметін атқарып келеді. 

Жеңіс Сейдуллаұлының өнері мен өмірі жайлы бағдарламамыздың бүгінгі шығарылымында сыр шертілетін болады.