Зейнолла Самашев: Мен қазған қорғанның бәрінен алтын шығады

Зейнолла Самашев – белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы. Ол Берел, Елеке сазы сияқты бірнеше ескерткіштерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты  400-ден астам ғылыми еңбек, соның ішінде 40-қа таяу монография жарыққа шығарды. Сонымен қатар Зейнолла Самашевті әріптестері қазақ тарихындағы петроглифтердің білгірі санайды.

«Алтын адам» деп жүргеннің бәрін осы санатқа жатқыза беруге бола ма? Археологиялық қазба жұмыстары кезінде алтыннан да бағалы қандай жәдігерлер табылды? Белгілі археолог Зейнолла Самашев «Culture talks» бағдарламасының сұрақтарына жауап береді.