Нұрқанат Жақыпбай: Әріптестерім маған дұрыс еліктемейді

Ол сөзге сараң. Ол минимализмге үйір. Әнге әуес. Оның спектальдері сонысымен ерекше. Актер. Режиссер. Әрі ұстаз. Осы ардақты үш атты алып жүрген өнер иесі – Нұрқанат Жақыпбай «Culture talks» бағдарламасының сауалдарына жауап береді.

Нұрқанат Жақыпбай – Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театрының көркемдік жетекшісі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Режиссер сахналаған қойылымдар көпшіліктің көзайымына айналып, көптеген халықаралық фестивальдерден жүлделі оралды. Ол бірнеше жас актерлер буынын тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз.