Оразақ Смағұл: 4 мың жылдың ішінде қазақ жеріне сырттан ауып келіп иелік жасаған тайпалар болмаған

Оразақ Смағұл – қазақтан шыққан тұңғыш антроплог. Қазақтың қырық ғасырлық тарихы барын ғылыми тұрғыда дәлелдеп, бірнеше кітап жазды. Тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұл отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Ол өз еңбектерінде ата-бабаларымыздың ешкімге ұқсамайтын даму сатылары жайлы баяндайды. Жасы 90-ға тақаса да, Оразақ Смағұл ғылымнан қол үзген жоқ.

Сұхбат барысында Оразақ Смағұл Ұлы даланы еркін жайлаған көне адамдар мен қазіргі қазақтардың арасындағы байланысын, қазақ антропологиясы мен Әйтеке би бабамыздың сүйегін зерттеудегі маңызды фактілер айтылатын болады.