Күйдің тілін қалай ұғуға болады?

Күйді түпнұсқадан ауытқымай орындау үшін не істеу керек? Қазіргі заманның күйшілерінің репертуары бай ма? Ұлттық әуеннің тілін қалай ұғуға болады? Күйдің тарихын айта отырып орындаудың пайдасы қандай? Өнер тарихында жұмбақ күйші саналатын Қазанғаптың шығармашылығын насихаттап жүрген күйші Еділ Басығараев «Culture talks» бағдарламасының сұрақтарына жауап береді.