Клара Төленбаева: Сырнайға сұранып тұратын әндер болады

Клара Төленбаева – ұмытылып бара жатқан сырнай аспабын қолынан тастамай, ұлттық өнерді дәріптеп жүрген өнерпаз. Сондай-ақ әншілікпен қатар жас буынды тәрбиелеп, сырнайдың қыр-сырын үйретіп жүрген ұстаз. Ол ғасырдан ғасырға мұра болып жеткен бірнеше әнді нақышына келтіріп шырқайды. Дәстүрлі өнермен бірге эстрадада кеңінен танылған өнер иесі.