Баянғали Әлімжанов: 28 қолжазба дәптерімді отқа жағып жібердім

Баянғали Әлімжанов – қырғыздың «Манас» жырын насихаттап, бауырлас екі халықтың мәдени байланысын нығайтуға өзіндік үлесін қосып келе жатқан қайраткер. Сол еңбегін ескеріп Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Баянғали Әлімжановты «Достық» оденімен марапаттады.

Елуден астам кітаптың авторы, ақын, жазушы, жыршы, драматург Баянғали Әлімжанов «Алтын тамыр» бағдарламасының сұрақтарына жауап беріп, өнегелі өмірі мен өрелі өнер туралы әңгімелейді.