Құрмаш Махан: Қазір әнді ұлттық құндылық деп қарамайды

Құрмаш Махан – белгілі әнші, композитор, Мәдениет саласының үздігі. Ол 1997 жылы өткен «Жас қанат» республикалық байқауының лауреаты. Кейін «Азия дауысы», «Славян базары» секілді өнер додаларына қатысып, дипломант атанды.

Құлақ құрышын қандырар бірнеше лирикалық әннің авторы әрі орындаушысы Құрмаш Махан «Алтын тамыр» бағдарламасының сұрақтарына жауап беріп, өнердегі және өміріндегі өзгерістер туралы әңгімелейді.