Қиындықпен күрес: коронадағдарыс кезіндегі спорт бизнесі

Жүгірген адамға толы саябақтар, отбасылық жарыстар  жанданған  аулалардағы спорт алаңдары, көптің күшін тасытқан фитнес орталықтар. Жаттықтырушылар, дұрыс тамақтану бойынша мамандар  мен салауатты өмір салтын ұстанған адамдар карантиннен кейін спорт сәнге айналғанын бірауыздан мақұлдауда.  Пандемияның жақсы бір жағы, адамдар аурудың алдын алуда дене жаттығулары мен жүгірудің пайдасын түсінді. Яғни сауығу  үшін емес, сау болу үшін, шымыр болу үшін спорттың қажеттігін түсінді. Біз осы ойды адамдардың санасына жеткізуге тырысудамыз, бұл үрдіс батыста бұрыннан тәжірибеге енген, ал бізде түсінік енді қалыптасып келеді.