Чжан Суй. Қытай медицинасымен емдейтін дәрігер

Доктор Чжанның Қазақстанда жұмыс істеп жүргеніне 2 жыл бопты. Дегенмен оның пациенттері жетерлік. Бұл менің еңбегімнің арқасында емес, әлі күнге дейін адамдардың емделудің көне әдістеріне сене білуіме байланысты, -дейді дәрігер.

Ол – өз қызметіне аса жауапкершілікпен қарайтын маман.Дәрігердің пікірінше, дәстүрлі Қытай медицинасы тек белгілі бір нүктелерге  ине шаншудан ғана тұрмайды. Мұнда пайдалы өсімдіктердің сырын білу, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану да маңызды. Денсаулыққа ден қойып, жаман әдеттерден аулақ болған жөн, бастысы, позитивті ойлана білу керек. Мұның барлығы адам ағзасына игі әсерін тигізеді. Сонымен қатар арайлап атқан әрбір таңмен бірге күліп оянуды да игі дәстүрге айналдырған жөн –дейді Чжан Суй.