Виктория Ольская. Шаш күтімі бойынша голландтық компанияның басшысы

Ол үнемі күлімдеп жүреді және оның сөйлеу мәнері де ерекше. Бір орында отырғанды ұнатпайды, бірнеше жұмысты қатар атқаруға тырысады. Ол Алматыға қызметтік сапармен ұшып келемін дейді. Бірақ, бұл бір себеп қана. Ия, кең тыныс алып, өзін еркін сезінетін, қанатын кең жая алатын, маңызды, нәзік, тәтті сәттерді еске түсіретін шаһарға ол қайта қайта оралғысы келіп тұрады. Бұл Вика, Габриель, Аня және басқа да көптеген достарына қатысты әдемі естеліктер...

Виктория мен Аня Алматыға  жер шарының әр түрлі нүктелерінен ұшып келеді. Екеуі үнемі қозғалыста жүреді, сондықтан,үйің қай жерде деген сұраққа жауап беруге қиналады.  АҚШта Виктория мен Габриель танысып, табысқан, одан кейін қыздары Аня дүниеге келген. Аняның әжесі Германияда, ал атасы Кувейт елінде тұрады. Ал екеуі Қазақстанға келуге асығады.