Студенттен директор лауазымына дейін. Ева Шмитт

Адамдардың басым бөлігі  әр қадамын жоспарлап, алға қойған мақсатына қайтсем жетем деп жатады. Алайда өмір күтпеген жайттарды алдымыздан тап етіп шығарады. Бұл тосқауылдардан өте келе, біз өзімізді жаңа қырымыздан танып жатамыз. Мысалы, осы айтылған ойға бүгінгі кейіпкеріміз Ева Шмитт бірнеше мәрте көзі жеткізіпті.
Хабарымыздың бүгінгі кейіпкері Ева Шмитт Германияның оңтүстік-батысындағы Санкт Ингберт атты шағын қалашықта туып-өскен. Бүгіне ол – Гёте-Институттың Астанадағы филиалыныің директоры. Институт неміс тілінен үйретіп, мәдениетін таныстарады. Еваның Қазақстан елін таңдауына не түрткі болды? Қандай қызықты жайттарға тап болды?